Бос жер телімдері туралы ақпарат қолжетімді емес

2366

Қарағандыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының қатысуымен аймақтық кеңестің кеңейтілген жиыны өтті.

Бос жер телімдері туралы ақпарат қолжетімді емес

Басқосу барысында аймақтағы өндіріс пен кәсіпкерлік қарқыны сөз болды. Кенді өлкеде шағын және орта бизнес саны 6,2 пайызға өскен. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою көрсеткіші де жоғары. Алайда шешілмеген проблемалар да жетерлік.  Мәселен білікті маман дайындау, туризмді дамыту және жер алудағы түрлі қиыншылықтар.

Тимур Құлыбаев маман жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды ұсынды. Ал, жер иеленуге өтініш беру мейлінше таза әрі кедергісіз болуы үшін, бос жер телімдері туралы ақпаратты цифрлы жүйеге ауыстыру қажет, – деді.

Мысалға, бос жер телімдері жайындағы деректерді ресми сайттарында жариялауға міндетті әкімдіктердін кейбірі ғаламторға мүлдем ақпарат салмайды. Сондай-ақ техникалық және рұқсат құжаттарын алуда кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызметті "Бір терезе" қағидаты бойынша ұсынуды айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу