Ертең Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Жас маман" республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйытқы болуымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған түлектерді жұмыспен қамтуға арналған.
Жәрмеңкеге 150-ден астам жұмыс беруші қатыспақ. Олардың қатарында жоғары және орта арнаулы оқу орындары, қалалық, аудандық білім басқармалары, жалпы білім беру ұйымдары мен Назарбаев зияткерлік мектептері бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу