Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды

916

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды

Ақтөбеде биылғы жылдың алғашқы еңбек жәрмеңкесі өтіп, 72 мекеме 800-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлады Хабар 24.kz.

"Жұмыс беруші жас маманнан еңбек өтілін сұрап, тым қатаң талап қояды", - дейді жұмыс іздеп жүрген Аяулым. Бұрын бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан маманның орнында уақытша жұмыс істеген екен. Кейін өзі де нәрестелі болып, 2 жыл үйде отырған. 1-2 айдан бері жұмыс сұрап, біраз мекеменің есігін қағыпты.

"Бізден тәжірибе сұрайды. Бізді жұмысқа алмаса, біздер қайдан тәжірибе жинаймыз?! Оларға айтсақ, бізге тәжірибелі маман керек, сендерді үйретіп отыратын уақытымыз жоқ дейді. Көп жерге барсақ, солай", - деді Аяулым Бисенғалиева.

Жәрмеңкеде еңбекпен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері түсіндірілді. Өзін-өзі қамтып, жеке кәсіп ашу жолдары айтылды. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 200 адам бизнес жобасын ұсынып үлгерген. 100 адам әлеуметтік жұмыстарды атқарып жүр. Одан бөлек, биыл 520 адам қайта даярлаудан өтіп, мамандығын өзгертеді", - деді қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Найля Бөртебаева.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу