Босқындар Италиямен соттасып жатыр

924

Босқындар Италиямен соттасып жатыр

Мигранттар Италиямен соттасып жатыр, деп хабарлайды 24Хабар.

Адам құқықтары бойынша еуропалық сот судандық босқындардың үндеуін қабыл алды. Олар – босқындарды қабылдамайтын елдерден жіберілгендер. Полиция оларды италия-француз шекарасындағы Вентимилья қаласында ұстады. Сол жерде босқындарды кісендеп, ұшақпен Хартумға жіберді. Ал құқық қорғаушы ұйымдар мұндай жер аудару бұрын-соңды болмаған деп отыр. Мигранттардың бірде-бірі босқын мәртебесіне өтініш беруге мүмкіндік ала алмаған әрі олардың Суданда туғандығы қазір соғыс жүріп жатқан Дарфур өңірінен екендігі назарға алынбаған. Сотта олардың мүддесін қайырымдылық ұйымдардың заңгерлері қорғайтын болады. Онда әділдік орнаса, Италия мигранттардың құқығын бұзғанын мойындап, оларға келтірілген шығынды өтеуге тура келеді.

"Анығында 60 адам ұсталған болатын. Ұшақта орын аз болғандықтан, босқындардың жартысы ғана қоныс аударылды. Ал қалғандары мұнда қалып, босқын мәртебесін алды. Біз осы мигранттардың барлығына қолдан келгенше көмектескіміз келеді. Олар Италияда қалғандары дұрыс. Жер аудару арқылы олардың құқығына нұқсан келді", – деді ARCI әлеуметтік қауымдастығының төрайымы Сара Престианни.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу