Босқындар мінген қайық апатқа ұшырады

693

 Босқындар мінген қайық апатқа ұшырады

Марокко жағалауында босқындар мінген қайық апатқа ұшырады. Су кемесі Марокконың солтүстік теңіз айлағында суға батып, салдарынан 6 адам мерт болып, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды kazislam.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, босқындар тобы Жерорта теңізі арқылы Испанияға жетуді көздеген. Олар мінген қайық дүйсенбі күні Танжер қаласы жағалауында апатқа ұшыраған. Арнайы қызмет өкілдері қаза болғандар қатарында марокколық азаматтардың болғанын анықтады. Зардап шеккен босқындар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу