"Боссың ба?": Cалтанат өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелдермен сөйлескен

942

Бишімбаев бұл адамды "Юлия супер" деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. 

"Боссың ба?": Cалтанат  өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелдермен сөйлескен Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқанда Қуандық Бишімбаев "Юлия супер" деп сақталған әйелмен жайбарақат күйде хат алмасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың телефоны зерттеліп жатыр. 

Бишімбаев бұл адамды "Юлия супер" деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. Судья Айжан Құлбаева отырыс барысында 9 қарашада сағат 19:07-де басталып, 19:36-да аяқталған хат алмасуды оқыды.

Бишімбаев: Қалайсың?
Юлия Супер: Сәлем, бәрі жақсы. Ал өзіңде қалай?
Бишімбаев: Не істеп жатырсың? Боссың ба?
Юлия Супер: Кірпіктер жасаттым. Нешеде?

Айта кететін жайт, осы уақыттарда марқұм Салтанат Нүкеноваға жедел жәрдем шақырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу