Бостандық ауданының әкімі Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді

981

Оған себеп азық-түлік бағасының қымбаттауы. 

Бостандық ауданының әкімі Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді

24 қаңтар таңғы жиында Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовтен азық-түлік бағасының қымбаттауын, дүкендердегі заңсыздықтарды түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кететіні өткен аптада Бостандық ауданында мұндай 21 заң бұзушылық анықталса, Түрксіб ауданында бірде-бір заң бұзушылық тіркелмеген. Бұл ретте Бақытжан Сағынтаев Алтай Рахымбетовтен аудандағы қымбатшылықтың себебін түсіндіруді талап етті.

"Біз күн сайын тексеріс жүргіземіз, мұндай фактілерді анықтап, сауда орындары иелерімен осы бағытта жұмыс жасаймыз", – деп жауап берді Алтай Рахымбетов.

"Олай болса, Түрксіб ауданында заң бұзушылықтар анықталмаған, аудан әкімі жұмыс істемейді деп айтқыңыз келеді ме?  – деп сұрады Алматы әкімі.

"Жоқ, мен олай дегім келмейді. Айтайын дегенім, бағаны күнделікті бақылап отырамыз", – деді Алтай Рахымбетов.

"Бағаны күнделікті қадағалап отыратын ауданда заңбұзушылық болмауы керек", – деп түйіндеді Алматы әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу