Бостон марафоны келесі жылдың күзіне шегерілді

586

Пандемияға байланысты биылғы жарыс онлайн форматта ұйымдастырылды.

Бостон марафоны келесі жылдың күзіне шегерілді

2021 жылдың сәуірінде өтуі тиіс әйгілі Бостон марафоны коронавирус індетіне байланысты күзге ауыстырылды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Olympic.kz. 

"Келесі күзде Бостон марафоны елдегі спорттық рухты тағы бір көтереді деп ойлаймыз. Көптеген сұрақтың шығуы орынды, барлық мәселені жақын арада шешуге тырысамыз", – дейді марафонның бас директоры Том Грилк. 

Келесі жылы марафон 125-рет өтеді. Пандемияға байланысты биылғы жарыс онлайн форматта ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу