Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында туған.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Exeter University, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының маманы қызметінен бастаған.
2002-2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігі құрылымында түрлі қызметтерді атқарды.
2007-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.
2012-2013 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы.
2013-2015 жылдары – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС Стратегиялық даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Стратегия, талдау және халықаралық қатынастар департаментінің басқарушы директоры, директоры болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы.
2018-2019 жылдары – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.