Ботай қонысында арнайы мұражай салынады

1932

Археологиялық кешен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданында бой көтермек. 

Ботай қонысында арнайы мұражай салынады

Жылқыны алғаш қолға үйреткен Ботай қонысында арнайы мұражай салынатын болады, деп хабарлайды 24.kz.

Археологиялық кешен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданында бой көтермек. Қазір арнайы әзірленген жобаны министрлік өкілдері қарастырып жатыр. Сәтін салса, құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Кешеннің жалпы аумағы 62 гектарды құрамақ. Сондай-ақ мұнда археолог мамандар қазба жұмыстарымен қысы-жазы айналысатын болады. Бұдан басқа, әкімшілік ғимарат, қонақүй және ипподром да салынбақшы.

"Бұл ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жылына бұл жерге екі мыңға жуық турист келіп кетеді екен. Егер мұражай-кешен пайдалануға берілсе, оның саны 9 мыңға дейін артатын болады. Сондықтан биылдан бастап аталған орынға апаратын жолдарға да күрделі жөндеу жүргізіледі", – деді тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы директорының м.а. Рахат Мәмбеталинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу