Ботты анықтау тәсілдері

826

It сарапшылар желідегі боттарды адамнан ажырату үшін диалогта әзіл мен сарказмды қолдануға кеңес берді. 

Ботты анықтау тәсілдері Фото: clickfraud.ru

Егер чаттағы бот өзінің бот екендігін жасырса, онда оның өзіндік мақсаты бар. Жасанды интеллектті көбінесе  алаяқтар мен киберқылмыскерлер қолданады. Әдетте,сіз туралы ақпарат жинау, содан кейін оны одан ары қарай тарату немесе жарнамалар үшін пайдалануы мүмкін. Мұндай  жасырын  боттар  сіз туралы жеке мәліметтерді білуге деген ұмтылыспен ерекшеленеді. Бұған жол бермеу үшін боттарға тән бірнеше қасиеттерді есте ұстаған жөн.

Соңғы оқиғалар. Көбінесе боттар соңғы жаңалықтардан бейхабар. Яғни әңгіме арнасын елдегі соңғы оқиғалар тақырыбына ауыстырып, "сұхбаттасушыңыздың" өзін қалай ұстайтынын байқау қажет. Әзіл жағы ақсап тұр.  

Әдетте боттарда әзіл айту функциясы жоқ. Сондықтан робот сіздің хабарламаңыздың контекстінде әзілді тани алмайды. Сонымен қатар, бот сарказмды да тани алмайды, сондықтан ол оны тура мағынасында қабылдайды.

Орфографиялық қателер. Бір сөзде бірнеше қате жіберіңіз. Бұл ботты шатастыруы мүмкін. Ал тірі адамдар мәтініңіздің мағынасын бірден түсінеді.

Қысқартылған сөздер. Бұл да сөзді тануда қиындықтар туғызады. Диалогта сөздерді қысқартуға тырысыңыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу