Испанияда бокстан "Boxam" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты.
Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левитке "күміс" бұйырды. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу