"Boxy Wealth" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды

105

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.  

"Boxy Wealth" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды Фото: gov.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Boxy Wealth" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.

Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған. Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған.

Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анаықталды. 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу