"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында "Музей – білім беру кеңістігі: инновациялық жұмыс бағыттары" атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Семинардың басты мақсаты – тарихи мұраны сақтау, оны кеңінен таныту, музейлердің ғылыми-ағартушылық жұмысын дамыту және музейлер мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту. Жиында көтерілген мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарды Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне баулу жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі.
Семинар барысында қатысушылар музей жұмысын жаңаша ұйымдастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ музейлер мен білім беру ұйымдарының алдағы ортақ жұмысына қатысты пікірлерін ортаға салды.