"Бозоқ" және "Несвиж" музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

332

Қатысушылар музей ісін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

"Бозоқ" және "Несвиж" музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Фото: gov.kz

Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында "Музейные инициативы на пространстве СНГ" атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, "Әзірет Сұлтан" және "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының өкілдері қатысты.

Конференция аясында "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Беларусь Республикасының "Несвиж" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта көрмелер өткізу, ғылыми және мәдени-ағартушылық жобаларды іске асыру, музей қорларын зерттеу және кәсіби тәжірибе алмасу көзделген.

Екі мекеменің әріптестігі қос елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен танытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу