Бозшакөл кен орнының қоры 40 жылға ғана жетеді

2917

Бозшакөл кен орнының қоры 40 жылға ғана жетеді

Павлодар облысындағы Бозшакөл кен байыту комбинатының қоры 40 жылға жетеді. Бұл туралы кен орнының директоры Федор Кравченко журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
"Мыс-молибден кен рудасындағы қор 40 жылға жеткілікті. Ал, өзге кен орындарындағы қор 10-20 жылды ғана қамтиды. Жұмысты бастағалы 2,5 жылда біз 90 метр тереңдікке ғана түстік. Жоспар бойынша 350 метр тереңдікке жетуіміз керек. Оған қоса кенішті шығысқа қарай сегіз шақырымға созамыз. Бүгінгі күні 1,5 шақырым ұзындықты ғана қаздық", - деді Федор Кравченко.
"Фабрикадағы кеніштен келген өнімді ұнтақтауға арналған екі диірмен әлемдегі ең үлкен диірмен болып саналады. Осы салада 30 жылдан астам қызмет етіп келемін. Бұндай техниканы көрген жоқпын. Алып диірмендердің қатарына жатқызылатын жер жүзінде алтау ғана бар. Ал "Бозшакөл" тау-кен байыту комбинаты әлемдік санаттағы төртінші жоба", - деді мыс-молибденді байытатын фабриканың басшысы Гай Кординли.

Айта кетелік, "Бозшакөл" ТКБК-да 2017 жылы 44 млн тонна кен қазылған. Бұл жоспардағыдан екі млн тоннаға артық. Аталмыш комбинаттан шығатын өнім Қытай, Ресей мен еліміздің аймақтарына жеткізіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу