Оның айтуынша, Қытай мен Ресейден бастау алатын өзендерге қатысты түйткілдерді реттеу үшін биыл су дипломатиясын күшейту қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.
— Ресей бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанымен, Жайық пен Ертіс өзендерінің бассейндеріне қатысты зерттеулер жүргізу және ынтымақтастық жол картасын іске асыру жалғасуы керек. Ақпан айынан бастап екі тарап та тасқын судың алдын алу шараларын белсенді жүргізіп, өзара ақпарат алмасуда. Қазақстанға Ресей аумағындағы су қоймаларының жұмыс режимін алдын ала реттеу бойынша жедел жұмысты жалғастыру қажет, – деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьердің пікірінше, Қытаймен де жылдар бойы шешілмей келе жатқан су мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.
— Бір сөзбен айтқанда, министрлік су дипломатиясын жандандыруға басымдық беруі тиіс, – деп қорытындылады Бозымбаев.