Бозымбаев пен Азия даму банкі су және энергетика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады

77

Кездесу барысында Қазақстандағы бірқатар ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды.  

Бозымбаев пен Азия даму банкі су және энергетика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады Фото: primeminister.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия өңірі бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен келіссөздер жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тараптар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту, энергетикалық секторды кезең-кезеңімен трансформациялау, апаттық тәуекелдерді сақтандыру тетіктері сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-пен бірлесіп, Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл контрреттегішін салуды қаржыландыру мәселесін келісу үстінде. Бұдан бөлек, Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск және Балқаш қалаларында кәріз-тазарту жүйелерін салу және жаңғырту жобалары бойынша жұмыс жалғасуда.

Кездесу барысында Банк өкілдері энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға қатысуға мүдделілік танытты.

Әңгіме соңында тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен жобаларды тиімді іске асыруға ниетті екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу