Бозымбаев Ресейден бензин тасымалдауға неге тыйым салынып отырғанын түсіндірді

723

Бозымбаев Ресейден бензин тасымалдауға неге тыйым салынып отырғанын түсіндірді

Қанат Бозымбаев Ресейден теміржолмен бензин тасымалдауға тыйым салуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"АИ-92 бензинін теміржолмен тасымалдауға тыйым салу ішкі нарықтағы жұмысты тұрақтандыру үшін қажет. Бізде басқа жол жоқ, әйтпесе отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы көлемді төмендетуге мәжбүр боламыз. Яғни, отандық немесе шетелдік өндірушілерді қолдауымыз керек. Біз отандық өндірушілерді таңдап отырмыз", – деді министр.

Энергетика министрінің айтуынша, бұл уақытша мәселе. Бірнеше айдан кейін бұл тыйымның күші жойылады.

"Осы уақыт аралығында біз экспортты жолға қоюымыз керек. Бұл бағытта Орталық Азия, Ресейдегі әріптестерімізбен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Үкіметаралық келісім бірнеше ай жасалады, содан кейін бұл мәселе өздігінен шешіледі", – деп сендірді министр.

Бозымбаевтың пікірінше, жанар-жағармайды импорттауға салынған тыйым елдегі бензин бағасына еш әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу