Бозымбаев су тасқынына бөлінген 49 млрд теңгеге қатысты түсінік берді

131

Жоспарланған шаралар қатары көп екені белгілі болды.  

Бозымбаев су тасқынына бөлінген 49 млрд теңгеге қатысты түсінік берді Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынының алдын алу үшін бөлінген 49 млрд теңгеге қатысты сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл үлкен сома емес.

"Себебі жоспарланған іс-шаралар өте көп. Біріншіден, гидротехникалық құрылыстарға кешенді тексеру жүргізіледі. Бұған әртүрлі деңгейдегі бөгеттер мен су қоймаларындағы су өткізу нысандары кіреді. Кейінгі су қоймаларының өзіне 30 жыл болған, ал ескілерінің қолданыста болғанына – 50-70 жыл. Сол себепті мұндай кешенді тексеру, күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары көп қаржыны талап етеді. Бұдан бөлек 2024 жыл су тасқындарына жеткілікті деңгейде дайын болмағанымызды айқын көрсетті", – деді вице-премьер.

Қанат Бозымбаев аймақтарда су тасқынына қарсы күрес шаралары белсенді жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу