Бозжыра қонақүйіне қанша гектар жер бөлінеді?

629

Серікбай Трұмов Қарақия ауданы әкімінің қаулысының мәнін түсіндірді.

Бозжыра қонақүйіне қанша гектар жер бөлінеді?

Маңғыстау облысның әкімі Серікбай Трұмов Бозжыра шатқалына турситік нысандар салу үшін мемлекет қамқорлығындағы аумақтан 80 гектар жер бөлінді деген ақпаратты жоққа шығармады.

"80 гектар деген сөз айтылғанын білемін. Бірақ әзір ондай 80 гектар жер бір де бір инвесторға бөлінген жоқ. Жалпы біздің ұстанымымыз, инвестор өзінің жобасын ұсынғаннан кейін, сол қандай көлемге сыяды, соған сәйкес жер бөлуді жоспарлап отырмыз. Яғни ол 4 гектар бола ма, 5 гектар бола ма, тек қана салынатын қонақүйдің астындағы жерді ғана бөліп беретін боламыз. Басқадай жер бөлінбейді. Қалған артық жер мемлекеттік меншікте болады", - деген облыс басшысы табиғат жанашырларының қонақүйді шатқалда 20 шақырым жерде салу керек деген талабына жауап берді.

"Қонақүй барлық талаптарды сақтай отырып салынады. Яғни, біз ол жерге жол тартамыз. Арнайы автотұрақ жасақтаймыз. Қоғамдық кеңесте біз бұған арнайы топ құрдық. Олар инвестордың ұсынған жобасын алда да бірлесе отырып талқылайтын болады. Жоба ойдан шыққаннан кейін ғана құрылыс жүргізіледі. Осы жылдың өзінде 2000-ға жуық адам Бозжыраны тамашалау үшін келген екен. Алда бұл туристердің саны бірнеше есеге артады деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан да келушілерді реттеп, тиісті экологиялық талаптарды қоя отырып, табиғатқа зиян келтірмес үшін арнайы бақылап отыруымыз керек. Кешен Бозжырадан 20 шақырымдай қашықтықта болмайды. 1-2 шақырым жерде шатқалды тамашалай алатындай, көре алатындай жағдай жасалуы керек. Алдағы уақытта мұны әлде де талқылайтын боламыз. Инвестор өзінің жобасын ұсынғаннан кейін біздің талаптарымызға сәйкес әлде де талқылайтын боламыз",- деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу