Бозжыра визит-орталығы мерзімінен бұрын ашылады

132

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, нысанды іске қосу биылға жоспарланып отыр.   

Бозжыра визит-орталығы мерзімінен бұрын ашылады Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында салынып жатқан "Бозжыра" визит-орталығы жоспарланған уақыттан бұрын пайдалануға беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бастапқы жоба 2027 жылға белгіленген еді.

Құрылыс барысында 20 уақытша және 5 тұрақты жұмыс орны құрылған. Қазіргі таңда визит-орталық толық салынып бітті, енді аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ туристік аймаққа қолжетімділікті арттыру мақсатында ұзындығы 14,9 шақырымды құрайтын автожол құрылысы басталды. Бұдан бөлек, бақылау алаңын электрмен қамтуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу