Бозжыраға байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді

1000

ҚР Президенті Маңғыстау облысындағы Бозжыра табиғи қорығының аумағына салынатын визит-орталығының жобасын Үкіметке қайта қарауды тапсырған болатын.  

Бозжыраға байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді

Осыған орай облыс басшылығы қоғамдық кеңестің, эколог-сарапшылардың пікірін ескере отырып, инвесторлармен бірлесіп қонақ үй салу үшін жаңа орын қарастырды. Инвесторлардың айтуынша, Бозжыра шатқалындағы сапар-орталығы Жабайұшқан қорығының аумағынан тыс, шатқалдың "азу тістерінен" 4 шақырым қашықтықта салу жоспарлануда. Бұл биіктікке 4 шақырымнан жақын ешқандай құрылыс техникасы бармайды деген сөз. Жабайұшқан аумағында ешқандай құрылыс жүрмейді.

Жоба авторлары, инвесторлар мен Қарақия ауданының басшылары Сенек ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаны таныстырды. Ауыл ақсақалдары ұсыныс-пікірлерін білдірді.

2021 жылдың 5 ақпанында аудан орталығында “қоршаған ортаға әсерді бағалау" бойынша тағы да қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, инфрақұрылым жүргізу үшін инвестор тек "жасыл" технологияларды қолданатын болады. Туристік нысанды құрудың арқасында 200-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу