Брайль қарпімен жазылған кітапшалар шығарылды

2097

Бұл жадынамалар көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада жасалды.

Брайль қарпімен жазылған кітапшалар шығарылды

Қызылордада зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ақпараттық жадынамалар шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Брайль қарпімен жазылған бұл кітапшаларда мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайдағы шағымдану тәртібі көрсетілген. Сондай-ақ мұндай мәліметтер аудотаспаларға да жазылып, үлестіріле бастады.

Аталған жадынамалар өңірдегі зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада әзірленді.

Жалпы, облыс бойынша бүгінде көзіне байланысты мүгедектік алған 1 мың 960 адам есепте тұрады. Олардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы терезелер ашылып, Брайль қарпімен жазылған тақтайшалар және нұсқаулық құралдары орнатылған.

"Бұрын Брайль қарпімен қызмет көрсету тек арнайы орындарда ғана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, мемлекеттік органдарға қатысты өте тар аяда ғана көрсетілді. Қазір кез келген мемлекеттік органға барған кезде, қажет болса, арнайы ХҚКО-ларға да қою жөнінде тапсырма беріп жатырмыз. Сондықтан ол кісілердің құқықтары шектелмейді, барлық жерде тең құқылы, қызмет ала алатын болады", - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу