Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында "Бекіре – 2019" кең ауқымды балық қорғау акциясы басталған болатын. АШМ мәліметтеріне сүйенсек, шара басталғалы бері 917 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде: Атырау облысының аумағында – 715, Маңғыстау облысында – 136, Батыс Қазақстан облысында – 66.
"Әкімшілік жауапкершілікке 658 адам тартылған. Кеме қозғалысы режимін бұзғаны үшін 25 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Акция барысында бұзушылардан 21 тонна 831 кг балық, оның ішінде 2528 кг бекіре тұқымдас балық пен 3,7 кг бекіре балығының уылдырығы, 2543 бірлік аулау құралы мен 86 бірлік жүзу және көлік құралы алынды",– делінген хабарламада.
Заң бұзушыларға 11,7 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынған.
Аталған шара 31 мамырына дейін жалғасады.