Браконьерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды

960

Атырау, Маңғыстау облыстарының полиция департаменттері "Бекіре" акциясын ұйымдастырды. Іс-шара Жайық-Каспий бассейні бойындағы бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлерден сақтауға және өндірістік негізде көбейтуге бағытталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Браконьерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды

"Акция барысында 419 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде балықты заңсыз аулаудың 359 фактісі тіркелді. 419 құқық бұзушы ұсталды. Барлығы 21 мың тоннадан астам балық тәркіленді. Оның 4,5 тоннасы бекіре тұқымдас балық болды. Браконьерлерден 242 балық аулайтын ау, 13 қайық алынды. 
Балықты заңсыз аулауға қатысты 67 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 8 қылмыстық іс сотқа жолданды. Браконьерлерге 352 әкімшілік құқықтық хаттама толтырылып, 6 млн теңге айыппұл салынды", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу