Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор көз жұмды

1078

Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор көз жұмды

Осыдан екі күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Е.Нұрғалиев қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін таңертең "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиев өмірден озды. Ол 13 қаңтар күні Қорғалжын даласында айуандық танытқан 3 браконьермен айқастан кейін, өмірі үшін соңына дейін күресті. Қаза тапқан азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Ол өмірінің соңына дейін қазақ даласының символына айналған киіктерді қорғау жолындағы борышын адал атқарды. Ерлан Нұрғалиев сынды инспекторлардың күш-жігерінің арқасында 2015 жылы жаппай қырылған киік саны 215 мың басқа дейін көбейді", – деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Бұған дейін ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов Қарағанды облысында браконьерлердің соққысына жығылған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Е.Нұрғалиевтің жағдайы өте ауыр екендігін айтқан болатын. Оның жанын аман алып қалу үшін Астана қалалық №1 ауруханасының дәрігерлері күрескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу