Браконьерлермен күресте қаза болған инспектордың ордені оның әкесіне табысталды

1039

Ницык Петров пен Нұрғалиев Ерлан қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Браконьерлермен күресте қаза болған инспектордың ордені оның әкесіне табысталды

"Охотзоопром ӨБ" РМҚК-ы инспекторы Ницык Петр Алексеевич пен браконьерлермен күресте қаза тапқан Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 830 Жарлығымен Ницык Петров Алексеевич және Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын (қайтыс болған кейін) Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды", – делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев награданы марқұмның әкесіне, сондай-ақ Ницык Петрге табыстады.

Еске салсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан ақбөкендерді қорғаймын деп браконьерлердіӊ қолынан қаза тапқан болатын.

Айта кетсек, министрлік ауыр, экстремалды-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін инспекторларды қорғауды заңнамалық деңгейде күшейтуге күш салатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу