Бразилия 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу эстафетасын елімізге табыстады

1058

Бразилия 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу эстафетасын елімізге табыстады

Рио-де-Жанейрода Дүниежүзілік тау-кен конгресінің дәстүрлі символы – "Май шамды" және ДТК өткізу құқығы эстафетасын Қазақстанға салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Қазақстан үшін тау-металлургия кешені ел экономикасының  негізгі салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТМК 18%-ды құрайды. Сондықтан 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін Астанада өткізу біз үшін маңызды оқиға болып табылады, оның еліміздің барлық саласына қолайлы әсер ететіні сөзсіз. Біз өзіміздің бүгінгі тәжірибеміз бен білімімізге сүйене отырып, 2018 жылы ТМК жоғары халықаралық деңгейде өткізе алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов ДТК жабылу рәсімінде.

Сондай-ақ, ДТК жабылу рәсімінде Қазақстанда және атап айтқанда, AstanaMining & Metallurgy халықаралық тау-кен конгресінде екі рет болған профессор Джозеф Дубински Қазақстанның 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін сәтті өткізетініне сенім білдірді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Рәсім соңында Бразилияның тау-кен өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Хосе Фернандо Коура ДТК дәстүрлі символы болып табылатын "Май шамды" Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржановқа табыстады.

2016 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер өтті, олардың барысында қатысушылар ТМК технологиялық мәселелерін де және компанияларды басқару, халықаралық қаржыландыру және ынтымақтастық сияқты экономикалық мәселелерді де талқылады. Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, институттардың, ТМК ірі бейінді компанияларының, сондай-ақ, өз кезегінде, 2018 жылғы ДТК операторы болып табылатын Iteca көрме компаниясының өкілдері кірді.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19-22 маусымда Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді. Оқиға жыл сайынғы AstanaMining& Metallurgy халықаралық тау-кен конгресінің базасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу