Бразилия Ақтау маңында апатқа құлаған ұшақтың "қара жәшігін" тексеруге кірісті

266

Тергеуге Бразилияның тартылған себебі Embraer 190 ұшағы осы елде жасалған.

Бразилия Ақтау маңында апатқа құлаған ұшақтың "қара жәшігін" тексеруге кірісті Фото: www.gov.kz

Бразилия сарапшылары өткен аптада Қазақстанда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшігіндегі мәліметтерді тексеруге кірісті.

Бұл туралы бразилиялық G1 порталы хабарлады, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында (CENIPA) Қазақстан, Әзербайжан және Ресей өкілдерінің кездесуі өтті.

Сарапшылар қара жәшіктен дерек алу және талдау бойынша жұмыс істеп жатыр, онда ұшқыштар арасындағы байланыс жазбалары мен ұшақтың апатқа ұшыраған сәтіне дейінгі бүкіл ұшу кезіндегі жағдайы туралы ақпарат бар.

– CENIPA не болғанын имитациялау және түсіну үшін графикалық виртуалды реконструкция жасай алады. Бразилиялық талдаудың нәтижесі Қазақстан жауап беретін тергеудің қорытынды есебінде жарияланады. Техникалық деректер апатты қону кезіндегі ақауларды, сондай-ақ Бакуден ұшқан AZAL рейсінің бағытын өзгертуді түсіндіруге көмектеседі, – деп жазады басылым.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде AZAL-ға тиесілі және Баку – Грозный рейсін орындаған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортындағы 67 адамның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу