Бразилия азық-түлік өндірісінде трансмайларды пайдалануға тыйым салды

1720

Мұндай шара тек елде өндірілетін тауарларға ғана емес, сондай-ақ импортталатын өнімдерге де қатысты болмақ. 

Бразилия азық-түлік өндірісінде трансмайларды пайдалануға тыйым салды

Бразилияның денсаулық сақтау агенттігі азық-түліктегі трансмайларға тыйым салды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Агенттік 2023 жылға дейін нарықты жартылай сутектендірілген майлардан арылтуды жоспарлап отыр. Мұндай шара тек елде өндірілетін тауарларға ғана емес, сондай-ақ импортталатын өнімдерге де қатысты болмақ. 

Трансмайлар – мұздатылған пицца, тоқаш,тәтті нандарға қосылатын жасанды түрде синтезделген өнім. Зерттеушілердің пікірінше, олар адам ағзасындағы холестерин мөлшерін көбейтіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуы түрткі болады. 

2004 жылдан бері 49 ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тағамдағы бұл майды шектеу туралы шаралар қабылдаған болатын. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Еуроодақ елдері, Чили және Аргентина бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу