Бразилия Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

123

Бұл туралы жұма күні Бразилия президенті әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізеді Фото: Canva

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва Қытай азаматтары үшін қысқамерзімді сапарларға визасыз режим енгізілетінін мәлімдеді. Бұл шешім Қытайдың Бразилия азаматтарына қатысты визасыз саясатына жауап ретінде қабылданды. 

Ресми мәлімдемеде аталған қадам Бразилия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, гуманитарлық алмасуларды жеңілдету және екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мақсатында қабылданғаны айтылған.

Бразилия үкіметі визасыз режимнің нақты қашан күшіне енетінін кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу