Бразилия Путинді G20 саммитіне шақырмақ

209

Бразилия билігі жақын арада мемлекет басшыларына, оның ішінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге "Үлкен жиырмалық" саммитіне шақырулар жібереді. 

Бразилия Путинді G20 саммитіне шақырмақ Фото: газета.ру

Бұл туралы РИА Новости, Бразилия СІМ әлеуметтік коммуникациялар басқармасының басшысы Джоэл Соуза Пинт Сампайу, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алдағы апталарда шақырулар қатысушы мемлекеттердің барлық басшыларына жіберілетін болады", – деді Сампайу.

Бразилия G20-ны 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап басқарады. Рио-де-Жанейродағы қорытынды саммит 18-19 қарашада өтеді.

Бұған дейін Folha de S. Paulo газеті Бразилия Үкіметі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің осы күзде Рио-де-Жанейродағы G20 саммитіне сапары Халықаралық қылмыстық соттың бұйрығына қарамастан мүмкін болатындығына көз жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, үкімет өткен қарашада БҰҰ-ның халықаралық құқықтар жөніндегі комиссиясына ХҒС ордеріне қарамастан президент Путиннің сапары туралы заңды дәлелдері бар құжатты жіберген.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта бұл орган мемлекет басшылары үшін иммунитет туралы ережелерді әзірлеу үстінде. Бұл мәртебе халықаралық сапарлар кезінде ел басшыларының жауапқа тартылмауын қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу