Бразилия Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайды

1953

Ел президентінің айтуынша, Путин қанды қырғын ұйымдастырып, Украинадағы бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіруді көздеп отырған жоқ.

Бразилия Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайды

Бразилия Президенті Джаир Болсонару Ресей Президенті Владимир Путинді айыптау және Ресейге қарсы санкция салу туралы БҰҰ-ның қарарын қолдап дауыс бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbussines.kz

"Президент Путинге қарсы санкция салу не оны айыптауды қолдамаймын. Бразилияның мұндай позиция ұстануына ешқандай держава ықпал етіп отырған жоқ. Біз бұл жағдайға араласа алмаймыз. Біз бейбітшілікті қалаймыз...", – деді Бразилия президенті.

Болсонарудың айтуынша, Путин қанды қырғын ұйымдастырып, Украинадағы бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіруді көздеп отырған жоқ. 

24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады. 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу