Бразилия туристер үшін шекарасын ашады

631

Шекара ұшақпен келетін туристерге ашық болады.

Бразилия туристер үшін шекарасын ашады

Коронавирус жұқтырғандар мен осы дерттен қайтыс болғандар саны бойынша екінші орындағы Бразилия елі туристер үшін шекарасын ашуға бел буды. 

Ресми дерек бойынша, шекара ұшақпен келетін туристерге ашық болады. Бұл шешімді елдің төрт министрлігі қабылдады. Қатарында денсаулық министрі Эдуардо Пазуэлло да бар. Ал елге теңіз арқылы не көлікпен келуге қатысты тыйым әлі бір айдай сақталады. 

Бразилияға барамын деушілердің міндетті медициналық сақтандыруы болуы керек. Ал эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған Мату-Гросу-ду-Сул, Параиба, Рондония, Риу-Гранди-ду-Сул мен Токантис штаттары жабық күйінде қалады. 
Бразилия коронавирус жұқтырғандар мен одан қаза тапқандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Елде 2,5 миллион науқас тіркелген, оның 90 мыңы дерттен көз жұмған. Ел шекарасы наурыз айында жабылды.

Табиғат Нұрболат
Фото: straitstimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу