Бразилияда 2,5 мың адам баспанасыз қалды

855

Манаус қаласында 600-ге жуық тұрғын үй өртеніп кетті.

Бразилияда 2,5 мың адам баспанасыз қалды

Бразилияның Манаус қаласында өрт шығып, 600-ге жуық тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 4 адам зардап шеккен. Мерт болғандар жайлы мәлімет жоқ.

Амазон штатының құтқару қызметі қызыл жалын салдарынан шамамен 2500 адам баспанасынан айырылғанын хабарлады.

Жел тұрып, өрт жақын маңдағы ағаштарды, кейін көрші тұрған үйлерді лезде шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге жүзден астам маман жұмылдырылды. Өрт себебі әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу