Бразилияда 3 күндік аза тұту жарияланды

854

Бразилияда 3 күндік аза тұту жарияланды

Рио-де-Жанейро штатының жағалауында шағын ұшақ апатқа ұшырап, оның бортында болған Бразилия Федералды жоғарғы сотының мүшесі Теори Завацки қаза тапты, деп хабарлайды Globo-ға сілтеме жасаған 24Хабар.

Завацкидің өліміне байланысты Бразилия жерінде 3 күндік аза тұту жарияланды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Сан-Паулудан Паратиге ұшып шыққан ұшақта үш адам болған. Артынша апат болған жерден экипаждың 1 мүшесі тірі табылды. Апатқа ұшыраған әуе көлігі Сан-Паулудағы бірқатар қонақ үйінің иесі, кәсіпкер Карлос Альберто Фильгерасқа тиесілі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу