Бразилияда әйелге көрсетілген психологиялық зорлық-зомбылық қылмыс деп танылды

771

Әйелдерді ұрып-соққандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бразилияда әйелге көрсетілген психологиялық зорлық-зомбылық қылмыс деп танылды

Бразилияда әйелге көрсетілген психологиялық зорлық-зомбылық қылмыс деп танылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz G1 порталына сілтеме жасап. Қылмыстық кодекске енгізілген бұл түзетулерді ұлттық конгрестің жоғарғы палатасы қабылдады.

Нақтырақ айтқанда, әйелге эмоционалды зиян келтіру, оның дамуына кедергі жасау немесе оның іс-әрекетін, мінез-құлқын, оның шешім қабылдауын бақылау қылмыс болып есептеледі. Моральдық зорлық-зомбылық ретінде қорқыту, қорлау, оқшаулау, бопсалау, мазақ ету, қозғалыс бостандығын шектеу сияқты әйелдің психологиялық денсаулығына залал келтіретін әрекеттер саналады. Құқық бұзғандарға айыппұл салынады және алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар Бразилия парламенті әйелдерді соғып,олардың денесін жарақаттағандарды қамауға алу мерзімін ұзартты. Олар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Енді бұл құжатқа ел президенті Жаир Болсонару қол қоюы тиіс.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу