Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам көз жұмды

100

Елдің оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында 21 жолаушысы бар әуе шары апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам көз жұмды Фото: stan.kz

Губернатор Жоржинью Мелудың мәліметінше, 8 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"8 адамның қаза тапқаны, 13 адамның тірі қалғаны расталды", — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Metrópoles порталының хабарлауынша, белгісіз себеппен әуе шарында өрт шыққан, содан кейін ол биіктен құлап кеткен.

Шар Санта-Катарина штатының оңтүстігіндегі Прайя-Гранди муниципалитеті үстінен ұшып өткен. Бұл жер Бразилияда "каньондар астанасы" немесе "әуе шары астанасы" ретінде танымал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу