Бразилияда бір апта қаралы күн жарияланды

623

Бразилияда бір апта қаралы күн жарияланды

Бразилияның Жанауба қаласы Минас-Жирайс штатында күзетші балабақшаны өртеп жіберді, 6-ға жуық бала мен 43 жастағы тәрбиеші қаза болды, деп хабарлайды Интерфакс.

Бруну Сантус қалалық аурухана басшысының мәліметінш,е 23 адам ауруханаға жеткізілген, оның 21 бала. Қазір 10 адам ауыр жағдайда жатыр.

Жасы елулердегі күзетші балабақшаға спирт төгіп, өртеп жіберген. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Анықталған деректер бойынша, күзетшінің ақыл-есі дұрыс емес, ішімдікке әуес болғанға ұқсайды. Оның үйінен табылған бөтелкелерге қарап, полиция осылай болжап отыр. Ол балабақшада сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жақан
Өрт кезінде ғимарат ішінде 80 адам болған. Жасы үлкендеу балалар көшеге қашып шығып, ал жасы кішілерін эвакуациялаған.
Қалада 7 күн бойы қаралы күн деп жарияланды.
Ел президенті Мишел Темер жапа шеккендердің отбасына қайғыра көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу