Бразилияда дауылдан кейін миллионнан астам адам жарықсыз қалды

Құтқарушылар өңірде тағы да жаңбыр жауып, дауыл соғатынын ескертті. 

Бразилияда дауылдан кейін миллионнан астам адам жарықсыз қалды Фото: AFP

17 қаңтарға қараған түні Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған күшті циклонның салдарынан 1,1 миллионнан астам электр тұтынушысы зардап шекті. Сондай-ақ, бір адам қаза тауып, 12-сі жарақат алған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты G1 порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Елдегі нөсер жаңбыр мен жел, бұршақ, найзағай салдарынан 1,1 млн-ға жуық тұтынушы жарықсыз қалды", - делінген G1 порталының материалында.

Штат үкіметінің ресми мәліметтеріне сәйкес, дауыл Порту-Алегридегі Кашуэйринья муниципалитетінде бір адамның өліміне себеп болған. Ер адамның үстіне ғимарат шатыры құлаған.

Сондай-ақ, кейбір қалалық және ауылдық басқарма орындарда соңғы тәулікте 100 миллиметрден астам жаңбыр жауып, жел екпіні сағатына 100 километрден асқан.

Штаттың азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, 4840 адам зардап шегіп, 12 адам жарақат алды, 48 тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі таңда, Бразилиядағы Риу-Гранди-ду-Сулдың 39 қалалық және ауылдық басқарма орындарына зақым келгені немесе өзге де оқиғалар туралы хабарланған болатын.

Айта кету керек, құтқарушылар өңірде тағы да жаңбыр жауып, дауыл соғатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу