Бразилияда экс-президентке қарсы сот басталды

884

Кінәсі дәлелденсе, 68 жастағы экс-президент 2030 жылға дейін сайлауға түсу құқығынан айырылады. 

Бразилияда экс-президентке қарсы сот басталды Фото: Reuters.com

Бразилияда Жоғарғы сайлау соты елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қатысты істі қарауға кірісті. Оған ел басқарып тұрғанда "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Тергеушілер Болсонару жалған ақпарат таратып, сайлауды бұрмалады дейді.

Кінәсі дәлелденсе, 68 жастағы экс-президент 2030 жылға дейін сайлауға түсу құқығынан айырылады.

Еске салайық, Жаир Болсонару былтыр Бразилияда президенттік сайлауда Лула да Сильвадан ұтылып қалған. Бірақ ол өзінің жеңілісін мойындамай, жаңа президентті ұлықтау кезінде АҚШ-қа ұшып кетті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу