Бразилияның оңтүстік аймақтарында болған экстратропикалық циклон әсерінен кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz o Globo газетіне сілтеме жасап.
"Рио-Гранди-ду-Сул штатында 21 адам, көршілес Санта-Катаринада тағы 1 адам табиғи апаттың құрбаны болды. Олардың арасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушы да бар", делінген хабарламада.
Нақтырақ айтсақ, кей жерлерде нөсер жаңбыр салдарынан өзендердегі су деңгейі 20 метрге көтеріліп, ауқымды су тасқынына әкеп соққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу