Бразилияда есірткімен ұсталған қазақстандық елге қайтарылады

734

Қазақстанның 4 азаматы Бразилияда сотты болған. 

Бразилияда есірткімен ұсталған қазақстандық елге қайтарылады

Сенат қабырғасында Бразилиямен Қазақстан арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, тұлғаларды ұстап беру және сотталған азаматтармен алмасу туралы заң жобасын ратификациялау мәселесі қаралып, Парламенттің кеңейтілген отырысына енгізу туралы шешім қабылданды.

Заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бұл елде 4 қазақстандықтың қамауда отырғанын мәлім етті. Соның ішінде есірткі тасымалы үшін 7 жылға сотталған азамат қалған мерзімін Қазақстанда өткізу туралы шағыммен Бас прокуратураға жүгінсе керек. 

"Кейінгі жылдары қазақстандық 4 азамат Бразилия мекемелерінде өз жазаларын өтеп жатты. Оның үшеуі қазіргі таңда босады. Бір азаматымыз 7 жылға сотталған. Бразилияда мерзімін өтеп жатыр. Бізге шағымы түсті. Қалған мерзімін Қазақстанда өтеу туралы арызы қарастырылуда. Ратификацияға қол қойылғасын оның қалған мерзімін  қазақстандық түрмелерде өткізуіне толық мүмкіндігі бар. Бұл азамат есірткі тасымалы үшін 7 жылға  сотталған. Қателеспесем, бүгінге дейін бір жылдан аса мерзімін жылын өтеді. Шамамен 5 жылы қалды", – деді бас прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, Бразилияда жазасын өтеген қалған үш қазақстандық та есірткіге қатысты істі болған. Бірақ олардың бәрі әртүрлі істер бойынша жауапқа тартылған көрінеді.

"Жасыратыны жоқ, қазірдің өзінде Бразилия тарабымен келісім бар. Олар заң жобасы  ратификацияланғанын күтпей-ақ отандасымызды беруге келісіп отыр", – деді Марат Ахметжанов.\

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу