Бразилияда Х желісі қайта қосылды

169

Бразилияда Х қайта қосу туралы шешім платформа барлық сот талаптарын орындағаннан кейін қабылданды. 

Бразилияда Х желісі қайта қосылды Фото: Газета.Ру

Бразилияның Федералды Жоғарғы Соты Х әлеуметтік желісіне елде жұмысын қайта бастауға рұқсат берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Судья Алешандре де Мораестің қаулысында миллиардер Илон Маск иелік ететін платформа жұмысын жалғастыру үшін барлық қажетті талаптарды орындағанын айтады.

X басшылығы бұл шешімді құптады. 

"X Бразилияға зор мақтанышпен қайта оралады. Біздің таптырмас платформамызға ондаған миллион бразилиялықтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету осы процесте өте маңызды болды. Біз жұмыс істейтін кез келген жерде заң аясында сөз бостандығын қорғауды жалғастырамыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу