Бразилияда қатты нөсер салдарынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

465

16 адам баспанасыз қалды. 

Бразилияда қатты нөсер салдарынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды Фото: img8.eadaily.com

Бразилияның солтүстік-шығысындағы нөсерден туындаған су тасқыны салдарынан Баия штатында бес мыңнан астам адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды inbusiness.kz G1 порталына сілтеме жасап.

"Sudec Баия азаматтық қорғаныс басқармасы осы дүйсенбіде штаттағы жаңбырдың салдары туралы бюллетеньді жаңартты. Басқарманың мәліметінше, жаңбырдан зардап шеккен 24 муниципалитетте 5096 адам эвакуацияланып, 16 адам баспанасыз қалды", - делінген G1 сайтында.

Аймақтағы жауын-шашын жұма күні басталып, кейбір жерлерде төрт күн ішінде 450 миллиметрге жетті. Мыңға жуық адам эвакуацияланған 14 ауыл су астында қалды.

Баияның оңтүстігіндегі бірқатар муниципалитеттер төтенше жағдай жариялады, зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу