Бразилияда коронавирустың тағы қауіпті штамы табылды

628

24 наурызда Үндістанда қос мутациясы бар коронавирустың жаңа штамы табылғаны хабарланған еді.

Бразилияда коронавирустың тағы қауіпті штамы табылды

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті Globo телеарнасына сілтеме жасап.Бұл штамда 18 мутация бар көрінеді. 

Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның бұл түрі бұрын анықталған қауіпті COVID-19 түрлеріне тән қасиетіне ие. Бірқатар мутация британиялық, оңтүстікафрикалық және басқа екі бразилиялық штамдарға тән екені анықталды.

24 наурызда Үндістанда қос мутациясы бар коронавирустың жаңа штамы табылғаны хабарланған еді. Қазір жергілікті билік мутацияның пайда болуы мен індеттің тез таралуы арасында байланыстың бар-жоқтығын зерттеп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу