Бразилияда лай көшкінінен 12 адам көз жұмды

778

Тұрғын үйлер мен ғимараттар су астында қалып отыр. Теміржол қатынасы тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды.

Бразилияда лай көшкінінен 12 адам көз жұмды

Бразилияның Пернамбуку штатында толассыз жауған жауын соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің солтүстік-шығыс өңіріндегі құтқару қызметі штаттың бас қаласы Ресифиде бірнеше көпірдің қирағанын хабарлады.

Тұрғын үйлер мен ғимараттар су астында қалып отыр. Теміржол қатынасы тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды.

Метеорологтардың хабарлауынша, өңірде соңғы бес күнде жауған жаңбыр 241 мм-ді құраған. Бұл дегеніңіз, шілде айының нормасы бойынша 20 күндік жауынды құрауға тиіс еді.

Мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу