Бразилияда "мегаэпидемия" басталуы мүмкін

1298

Адамдардың ел ішінде емін-еркін жүруі, яғни бір штаттан екінші штатқа баруы штамның тез таралуына себеп болып отырған көрінеді.

Бразилияда "мегаэпидемия" басталуы мүмкін

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орындағы ел Бразилияда "мегаэпидемия" басталуы мүмкін. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Луис Энрике Мандетта мәлім етті.

Бразилияда табылған коронавирустың жаңа штамы індеттің өршуіне әкеліп соғуы мүмкін. Оның айтуынша, адамдардың ел ішінде емін-еркін жүруі, яғни бір штаттан екінші штатқа баруы штамның тез таралуына себеп болып отырған көрінеді. "Штам федерацияның барлық субъектілеріне тарап, 60 күннен кейін мегаэпидемияға тап болуымыз әбден ықтимал",– деді ол.

28 қаңтарда әлемде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 100 миллионнан асты. Оның 55,9 миллионнан астамы сауығып, 2,1 миллионнан астам науқас қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия,Ресей елдері көш бастап тұр. 

Желтоқсан айының басында Британия, Оңтүстік Африка және Бразилияда коронавирустың мутацияланған жаңа штамдары табылды. Мамандардың сөзіне сенсек, вирустың бұл штамдары бұрынғысына қарағанда әлдеқайда тез таралады.

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу