Бразилияда мұнай зауыттары жабылды

890

Бразилияда мұнай зауыттары жабылды

Бразилияның мұнайшылары наразылық шеруін тоқтатар емес. Бүгін олардың жұмысты тоқтатқанына осымен 3-ші күн, деп хабарлайды Atameken Business.

Елдегі мұнай зауыттары мен өндіріс орындары жабылды. Дегенмен билік бұл өнім тапшылығын тудырмайды деп отыр. Ал жұмысшылар болса, жанар-жағармай бағасын өзгертуді және елдегі ірі мұнай компаниясы Petrobras басшысының отставкаға кетуін талап етуде. Айтуларынша, ол үкіметпен ауыз жаласып, жемқорлықпен айналысқан.

"Петробрас біреудің жеке меншігі емес, Ол Бразилия халқына тиеслі компания. Сондықтан талабымызды орындамайынша, жұмысқа шықпаймыз", - дейді Мұнайшылар одағының директоры Рафаель Барбоса.

Бразилия күніне 2,1 млн баррель қара алтын өндіретін ел. Латын Америкасында шикі мұнай қоры бойынша көш бастайды. Егер шеру тоқтатылмаса, мемлекеттің экспорттық әлеуетіне нұқсан келуі мүмкін. Себебі наразылық танытушылардың қатары күн сайын артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу